Жаңалықтар тізбегі
0

"Қызылорда – Көкшетау" пойызынан мас жолаушы түсірілді

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 23:18 Көліктегі полиция департаменті
Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 21 989 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Алкогольдік масаң күйде болғаны үшін 28 жастағы астана тұрғыны "Қызылорда – Көкшетау" бағытындағы жолаушылар пойызынан түсірілді, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шиелі станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне "Қызылорда – Көкшетау" бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы пойыз вагондарының бірінде құқық бұзушының бар екені жөнінде шағымданды", - дейді Көліктегі полиция департаментінің бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Қ.Қобландиннің айтуынша, тексеру барысында көлік полицейлері ішімдікке сылқия тойып алған Нұр-Сұлтан қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтады.

Қоғамдық орында масаң күйде болған ер адам ескертулерге құлақ аспаған, сөйтіп жолаушылардың тыныштығын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Бұдан соң, құқық бұзушы жоғарыдағы аталған поездан акт бойынша түсірілген.

"Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес оның "орташа дәрежедегі" алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды", - деп нақтылады полиция полковнигі.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен, яғни, тыныштықты бұзу және алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды", - деді Қ.Қобландин.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 21 989 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін – 1 965 азамат.

Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 37 млн-нан астам теңгені құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: