Көкшетауда құтқарушылар балабақшадан 49 адамды эвакуациялады

Эвакуация, Көкшетау, Ақмола облысы, балабақша, өрт, түтін, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 17:30 Сурет: видеодан алынды
Бүгін, 2025 жылы 1 желтоқсанда 112 қызметіне Көкшетау қаласындағы жеке балабақшалардың бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің нақтылауынша, жертөледегі бөлмелердің бірінің электр жабдығы түтіндеп, от шыққан.

"Оқиға орнына келіп жеткен ТЖД бөлімшелері жертөле бөлмесінде электр жабдығының қысқа тұйықталуы орын алып, от шыққанын анықтады. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 49 адамды, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның неден туындағаны анықталуда.

Бұған дейін Түркістан облысы, Алғабас ауылында алапат өрт кезінде зардап шеккен қыз бала ауруханада көз жұмғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: