Алғабас ауылындағы өрт: зардап шеккен қыз бала көз жұмды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 16:02 Фото: primeminister.kz
Түркістан облысы, Алғабас ауылының өртінде зардап шеккен тағы бір адам – қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 2018 жылы туған науқасқа барлық қажетті жедел көмек көрсетілген, профильдік мамандардың консультациялары жүргізілген, реанимациялық толық шаралар қолданылғанына қарамастан, ол 30 қарашада көз жұмды.

2025 жылғы 18 қарашада таңғы сағаттарда Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты жеке үйде өрт шықты. Оның салдарынан 12 адам қаза тауып, оның ішінде тоғыз бала бар. Үш адам зардап шегіп, Шымкентке жеткізілді.

19 қарашада вице-премьер Қанат Бозымбаев өрттің алдын ала қылмыстық құрамсыз болғанын хабарлаған. Кейін белгілі болғандай, өрт екі қабатты жеке үйде тұрмыстық электр құрылғылары қосылған желілік сүзгіден (фильтрден) шыққан ақаудан болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: