ТЖМ құтқарушылары жол-көлік оқиғасы кезінде Өзбекстан азаматтарын эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары жол-көлік оқиғасы кезінде Өзбекстан азаматтарын эвакуациялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2025 12:40 Сурет: Zakon.kz
112 пультіне Ұлытау облысы Ұлытау ауданы аумағындағы "Петропавл – Жезқазған" автожолында жеңіл автокөліктің жол жиегіне шығып кетіп, кюветке түскені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жедел жетті. Көліктен 5 адам эвакуацияланды.

Екі ересек азамат жедел жәрдем арқылы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған 3 адам Ұлытау ауылына эвакуацияланды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Эвакуацияланған азаматтардың барлығы - Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: