Жезқазғанда құтқарушылар ауқымды жарылыстың алдын алды

Пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 10:03 Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысы 112 қызмет пультіне 2026 жылғы 15 қаңтарға қараған түні Жезқазған қаласы Холмецкого көшесінде орналасқан гараж массивінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде өрттің гараж ішінде 10 шаршы метр аумақта шыққаны анықталды.

"Барлау және өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер көлемі 27 литрлік газ баллонын және көлемі 50 литрлік оттегі баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды",- делінген құтқарушылар мәліметінде.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда",- деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыдан Қызылордаға ұшып шыққан Air Astana ұшағында техникалық ақау индикаторы іске қосылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: