Павлодарлық құтқарушылар газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2024 жылғы 12 қарашаға қараған түні Павлодардағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Павлодарское ауылы Қонаев көшесі бойында жеке тұрғын үй қызыл жалынға оранды.
Өрт сөндірушілер 120 ш.м. алаңда өртті сөндіріп, оттан бір газ баллонын алып шықты.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
"ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды",- делінген ведомствоның ресми ақпаратында.
Бұған дейін құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған Қытай азаматтарына көмекке келгені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript