Алматыда жеке тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Өрт, Алматы, Жетісу ауданы, тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 20:49 Сурет: Zakon.kz
12 қыркүйекте алматылық өрт сөндірушілер Жетісу ауданында отқа оранған жеке тұрғын үй мен сарайды сөндіру кезінде газ баллонын сыртқа алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-ші Гончарная көшесі бойындағы тұрғын үй мен сарай өртенген. 

Дереу судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірушілер оқпанмен су атып, жақын маңдағы үйлерге өрттің таралу қаупін жойды.

Өртті сөндіру жұмысы кезінде көлемі 50 литрлік газ баллоны табылып, эвакуацияланды.

Қызыл жалын 200 шаршы метр алаңды қамтыды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: