Қостанайлық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Сурет: видео скрині
Қостанайлық құтқарушылар өрт кезінде газ баллонының жарылысын болдырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарыкөл ауданының Севастополь ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті.
Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар жарылыс қаупінің алдын ала отырып, өрттен 50 литрлік газ баллонын шығарды.
"Өрт оқшауланып, толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
ТЖМ әсіресе жылыту аспаптары мен тұрмыстық газды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript