Құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған Қытай азаматтарын құтқарды
Фото: Zakon.kz
2024 жылғы 11 қарашада түнде Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР-ның екі азаматы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, сапарды қысқартуға ұмтылып, тас жолдан бұрған ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерде тапты.
"Автокөлік тас жолға сүйретіліп, аудан орталығына дейін сүйемелденді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес еді",- делінген ТЖМ ақпаратында.
Сондай-ақ, ТЖМ ауа-райының қолайсыздығында тек үлкен жолдар мен тас жолдармен жүру керек екенін еске салды.
Бұған дейін Алматы облысында азық-түлік дүкені мен дәріхана өртке оранғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript