Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО құтқарушылары қар құрсауында қалған екі көліктен 7 адамды құтқарды

ШҚО құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2023 17:09 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
22 қаңтарда сағат 05:40-та Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, онда 7 адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

ШҚО құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2023 17:09

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салды. 

"Көлік қысқы жолға жабдықталмаса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз. Автокөлік ауа райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын да алып жүру керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз", - делінген ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ШҚО құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2023 17:09

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: