Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 4 адамды құтқарды

Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 4 адамды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2024 09:15 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысы Қарасу ауданында Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 4 адамды, оның 2 бала қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Тұрғындар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндеді. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: