Алматы облысында азық-түлік дүкені мен дәріхана өртке оранды

Пожарно-спасательный автомобиль, пожарная машина, пожарный автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 09:49 Фото: Zakon.kz
2024 жылғы 11 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Алтын Адам көшесі бойында бір шатыр жабыны астында орналасқан азық-түлік дүкені мен дәріхананың жануы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесіне қарамастан өрт сөндіру есептобы өртті 140 шаршы метр алаңда сөндірді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін полиция қызметкерлерінің ұрланған 3,5 мың мал басын иелеріне қайтарғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: