Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, апат таңертең сағат 09:15-те Наурызбай ауданында болған.
"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде аялдамада тоқтаған 137-маршруттағы жолаушылар автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жеке үйдің қоршауына соқтығысқан",-деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті.
Сурет: Zakon.kz
Автобус адамдарға толы болған. Жолаушылар әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz