Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы 8 жылға сотталды

Фото: Zakon.kz
Түркістан қалалық сотымен Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы А. Мырзаевқа, оның сыбайласы А. Балтабаевқа және осы департаменттің бөлім басшысы Б. Жетпісовке қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикор мәліметтеріне сүйенсек, Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов – пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылды.

Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің 18 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.

"Сонымен қатар Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың 5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденді",- делінген соттың хабарламасында.

Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа – 7 жыл және Жетпісовке – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Үкімді жария ету Түркістан қаласының Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департаменті мен Жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өтті.

Бұған дейін Тараз әкімдігі қызметкерлеріне 100 миллион теңгеден астам ақша ұрлады деген айып тағылды.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты