Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз әкімдігі қызметкерлеріне 100 миллион теңгеден астам ақша ұрлады деген айып тағылды

Тараз әкімдігі қызметкерлеріне 100 миллион теңгеден астам ақша ұрлады деген айып тағылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 09:32 Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.

Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: