Атырауда тәрбиеші балаға "қол жұмсады" деп айыпталуда

Фото: pixabay
18 тамызда әлеуметтік желілерде Атырау балабақшаларының бірінің бейнебақылау камерасынан ролик тарады. Кадрларда тәрбиешінің баланы итеріп жібергеннін нәтижесінде қыздың ерін тұсы төсекке соғылғанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен баланың ата-анасы әлеуметтік желілер арқылы қызын балабақшаға үш күн бұрын бергенін айтты. Үшінші күні анасы баланың аузы ісіп, көгергенін байқаған.

"Келесі күні мен камераларда күтушінің баламды ұрғанын көрдім, бірақ басшылық бұл фактіні мойындамады және қызметкердің байланыс мәліметтерін беруден бас тартты. Ол WhatsApp хабарламаларын оқыды, бірақ жауап бермеді. Мен қатты ашуландым", — деді қыздың анасы.

Оның айтуынша, қазір бала күндіз-түні жылап, құса бастаған.


Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Атырау облысы ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу басталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", — деді полиция.

10 шілдеде Атырау облысындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін септикке батып кетті.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті