Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема көшеттері Нидерландыға кері қайтарылды

Қазақстанға 159 400 гүл Нидерландыдан келіп жетті. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді. Сараптама нәтижелері анықталған жәндік қауіпті карантинге жататын объект екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша МИК аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттерінде карантинге жататын өнімге мемлекеттік карантинге жататын фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында "ақ тот жұқтырған хризантема" (Puccinia horiana) карантинге жататын объектісі анықталды.

"Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Карантинге жататын объект енуі мен таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге кері қайтарылды", делінген 2024 жылғы 19 қазандағы ведомство хабарламасында.


Айта кетсек, Ресей Қазақстаннан тасымалданатын гүлдерге шектеу қойды. Роспотребнадзордың мәліметінше, Қазақстан көптеген гүлді Нидерландыдан, Польшадан және Бельгиядан сатып алып, оны қайта экспорттайды. Ал олардың кейбірінде ауру тарататын жәндіктер кездесіп жатады екен.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: