Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оны есінен танып жатқан жерде туыстары тауып алған алайда мұндай күйге не себепті түскенін ешкім білмеген. Клиникаға түскен кезде науқас сыртқы тітіркендіргіштерге ешқандай әсер бермеді, көзінің қарашықтары тарылған.
Қажетті түрлі талдаулар алынды, оның ағзасында есірткі заттарының бар-жоғын анықталды. Пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
"Тәулік бойы реанимациялық, қарқынды терапия, дезинтоксикациялық терапия, түзету, қабынуға қарсы терапия жүргізілді. Жасалған токсикологиялық талдаулар қорытындысы шықты: ағза химиялық және есірткілік заттармен уланбағаны анықталды. Таңертең пациент өзіне келді. "Қандай да бір химиялық немесе есірткі препараттарын қабылдадың ба" деген сұраққа пациент, саналы түрде жоқ деп жауап берді. Оқиға алдында ол компьютер алдында отырып, құрамында сүйектері бар, қолдың шие шарабын ішкені анықталды. Ал шие сүйегі көгерткіш қышқылын бөледі", — деді № 7 қалалық клиникалық аурухананың реаниматолог дәрігері Клара Жармағамбетова.
Кейбір мәліметтер бойынша, шие сүйектеріндегі амигдалин гликозиді асқазанға түсіп, асқазан шырынының әсерінен күшті у – көгерткіш қышқылы бар, бұл қышқыл тіпті адам ағзасын улап, өлімге әкелуі мүмкін.
"Бұл жағдайда пациент көгерткіш қышқылмен уланудың үлкен дозасын алған, комаға түсуінің басты себебі сол. Туыстарының үйлеріне дер кезінде келіп, уақтылы ауруханаға жеткізілгені үлкен бақыт болды. Ол көп бейінді аурухананың реанимация бөлімшесіне түсіп, оған жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізген. Ресми деректер бойынша көгерткіш қышқылымен уланудың 78 пайызы өлімге әкеледі. Жас жігіт әлеуметтік желі арқылы біздің клиникаға, барлық дәрігерлерге, мейірбикелерге, санитарларға алғысын білдірді, өйткені ол шынымен де өмір сүруге екінші мүмкіндік алды", — деп сөзін қорытындылады тәжірибелі реаниматолог.
Бұған дейін Ұлыбританияда маймыл шешегі вирусының жаңа штаммы тіркелгендігі хабарланған болатын.