Ұшақ апатының орнынан тікелей бейнелер таратқан блогер жұртшылықтың наразылығын тудырды

Сурет: Instagram/Азамат Сарсенбаев
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 2024 жылдың 25 желтоқсанында 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagram аккаунтында айтты.

"Мені 10 тәулікке қамауға алды", — деп жазды Сәрсенбаев.

Соттың баспасөз қызметі қамауға алу туралы түсініктеме берді.

"Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық соты ҚР ӘҚБтК–нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша тартылған азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады ("құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды талабына бағынбау, оның заңды қызметіне кедергі жасау")", — делінген хабарламада.

Сот 2024 жылғы 25 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Сәрсенбаев "Баку-Грозный" бағытымен келе жатқан ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде болғанын анықтады.

"Аумақты полиция қызметкерлері қоршап алғанына қарамастан, С. дрон мен ұялы телефонды пайдаланып бейне түсірілім жасады. Құқық бұзушының әрекеті құтқару қызметтері мен тергеу әрекеттеріне кедергі келтірді. Сонымен қатар, ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Сот ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша С.-ны кінәлі деп таныды және оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", — деп түсіндірді сотта.

Айта кетейік, қамауға алудан бірнеше сағат бұрын Сәрсенбаев дронның көмегімен Ақтау әуежайының жанындағы ұшақтың құлаған жерін түсірген болатын. Бұл бейнелерді жариялағанына халық та наразы болды.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы соңғы ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Ақтау
Қазақстан
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды