СҚО-да Сергеевка су қоймасындағы су кенерінен асып, тасып жатыр

Сурет: 24.kz
Бөгет үстімен көктемнен бері тоқтамай ағып жатқан судың деңгейі қазір 8 сантиметрде тұр. Сергеевка су қоймасының жалпы сыйымдылығы 700 млн текше метр. Былтыр көктемде лық толған бөген әлі күнге дейін тасып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Есіл өзеніне бөгет үстімен секундына 28 текше метр су төгіледі. Бұл - бұрын-соңды болмаған құбылыс, деп хабарлайды 24KZ.

"Әдетте, Сергеевка қоймасындағы судың бөгет үстімен ағуы тамыз, қыркүйек айларында тоқтайтын. Тек 2019-да тасқын болған жылы қарашаның 12-сі басылған. Бірақ қазіргі құбылыс Петропавл гидроторабына салмақ түсірмейді. Керек болған жағдайда судың өтуін реттей аламыз"."ҚазСуШар" РМК СҚОФ бөлім бастығы Асхат Бәкішев

Мамандардың айтуынша, қазір өңірде Есіл өзенінің көтерілуі байқалады. Оған көктемгі тасқын, жаз бойы жауған жаңбырлар мен жер асты сулары әсер еткен. "Сергеевка су қоймасының тоқтамай тасуы да содан", - дейді синоптиктер.

"Өңірде топырақтағы ылғал қоры кей жерлерде 3 есеге дейін көп. Бұл көктем кезінде еріген қар суының сіңуіне кері әсерін тигізеді. Маусымдық болжам бойынша, қардың жауу да шамадан тыс болады"."Қазгидромет" РМК СҚОФ бөлім басшысы Дәурен Қосшығұлов

Өңірде 19 гидрологиялық бекет бар. Мамандар өзен-көлдердің деңгейін өлшеп, қардың ылғалдылығын есептеп шығарады. Көктемгі тасқынның алдын ала болжамы ақпанның басында белгілі болады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған