Алматы полициясы зейнеткерге интернет-алаяқтардан ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті

Фото: Zakon.kz
Алматылық зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбанына айналғанымен, тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде оның жоғалтқан қаражаты қайтарылды.

Бұл туралы қала тұрғыны Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығына жолдаған алғыс хатында жазған.

Зейнеткердің айтуынша, өзін "Қазпошта" қызметкері ретінде таныстырған белгісіз біреулер оны алдап, SMS-кодын қолға түсіріп, атына несие рәсімдеген. Оқиғаның мән-жайын түсінгеннен кейін ол бірден Әуезов аудандық полиция басқармасына жүгінген.

"Аға тергеуші Мұқан Қонысбаевтың сауатты нұсқаулығы мен әріптестерінің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында істің оң шешілуіне қол жеткізілді. Алаяқтардың бірі ұсталып, келтірілген материалдық шығын толық өтелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Осындай қиын жағдайда жан-жақты қолдау көрсеткен, қамқорлық танытқан және баға жетпес көмек берген полиция қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Оларға қажымас қайрат, зор денсаулық және қызметте толағай табыс тілеймін", – деп жазды ол өз хатында.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі