Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға беріп, 1 млн теңгені қалтасына басқандар ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтар жоқ пәтерлерді жалға алу үшін 1 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар жалған жалға берушілердің арбауына түсіп, 1 миллион теңгеден астам қаржысын жоғалтты.

Полиция алаяқтық әрекеттерге барған үш күдіктіні Шымкент қаласында ұстады. Қаскөйлер тұрғын үйлерді жалға беру бойынша қызмет көрсететін арнайы қосымша арқылы өз қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған.

Олар жоқ пәтерлер туралы тартымды хабарландырулар жариялап, клиенттерді сендіру үшін барынша сенімді ақпарат ұсынған. Тұрғындар бұл ұсыныстарға қызығып, хабарласқан кезде, алаяқтар алдын ала төлем жасауды талап еткен.

Нәтижесінде азаматтар пәтерді брондамақ ниетпен ақша аударып, алдаудың құрбаны болған. Тергеу барысында күдіктілердің өткен жылдың тамыз айынан бері интернет-алаяқтықтың кемінде 20 дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Осы уақыт ішінде олардың заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге жалпы 1 миллион теңгеден астам шығын келген.

Күдіктілерден 11 ұялы телефон, 15 SIM-карта, ноутбук тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарға онлайн-платформаларда мәміле жасау кезінде барынша сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және алдын ала төлем жасамас бұрын ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда