Қазақстанның арнайы жасағы әлемнің үздік үштігіне енді

Сурет: polisia.kz
Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысы өз мәресіне жетті. Беделді сайысқа әлемнің 80 елінен 100-ден астам арнайы жасақ бөлімшесі қатысып, бес күн бойы бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ дерегінше, додаға түскендер бес күн бойы тактикалық, штурмдық, құтқару операциялары, кепілдегі адамдарды босату және кедергілер жолағын еңсеру бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы жасағы барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар Қазақстанның өзге де арнайы жасақ бөлімшелері үздік ондыққа кірді. Олардың қатарында ҚР ҰҚК "Арыстан" және "SSN Aktau", МКҚ-ның "Сардар" арнайы жасағы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан құрамасы бар",- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, "Сұңқар" командасы алғашқы және үшінші кезеңдерде бірінші орын иеленді. Нәтижесінде екі алтын және жалпы қорытынды бойынша күміс медаль алып, жетістікке жетті. Команда аталмыш жарысқа осымен екінші мәрте қатысып жатыр.

Биылғы сайыстың тарихи ерекшелігі – Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының атынан алғаш рет "Томирис" әйелдер командасының қатысуы. Оның құрамында конькимен жүгіру спорты бойынша әлемдік рекорд иегері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, спорт шебері және күштік спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар.

"Томирис" командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті. Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.

Қазақстан
БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі