Елордада мас күйде көлік басқарған әйел 15 тәулікке қамалды

Задержание, арест, наручники, задержанная, арестованная, преступница, мошенница , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 16:44 Фото: pxhere
Астанада "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Hyundai автокөлік жүргізушісін тоқтатты.

Көлік Жұмабаев даңғылы бойымен Қошқарбаев көшесі бағытында қозғалған. Құжаттарды тексеру барысында 46 жастағы әйел жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген. Осыған байланысты ол медициналық куәландыруға жеткізілді.

Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Көлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Сот қаулысымен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және рөлге алкогольдік масаң күйде отырмауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: