Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 11:53 Фото: Zakon.kz
"Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны қызметкерлері 36 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Тексеріс барысында жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар оның мінез-құлқы инспекторлар да күмән тудырды, сондықтан ол медициналық сараптамаға жіберілді.

Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адамның есірткілік мас күйінде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс-құжаттар толтырылып, сотқа жолданды.

Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылып, жүргізуші көлік басқару құқығынан шеттетілді.

Мас күйде көлік жүргізу – жол қауіпсіздігіне төнетін ең ауыр қатердің бірі. Мұндай әрбір жүргізуші айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

Біздің қызметкерлер күн сайын көлікті мас күйінде басқару деректерін анықтайды және әр жағдайда да қатаң шара қолданады.

"Қауіпті жүргізуші" секілді профилактикалық іс-шаралар – қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Барлық жүргізушілерді жауапкершілік танытуға шақырамыз. Өйткені рөлге мас күйінде отырған адам тек өз өмірін ғана емес, өзгелердің де өмірін қатерге тігеді, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: