Оралда жол ережесін 44 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Оралда жол ережесін 44 рет бұзған жүргізуші ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 17:22 Сурет: polisia.kz
Оралда патрульдік полиция батальоны республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қорғау" жүйесі арқылы тексеру барысында басқа мемлекетте тіркелген Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылып, оны шетел азаматы басқарғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін 44 рет бұзғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: