ІІМ қоршаған ортаны ластап, бейнекамераға түсіп қалған құқық бұзушыларды көрсетті

Сурет: ҚР ІІМ
Бейнекамералар экологиялық құқық бұзушылықтармен күресуде тиімділігін көрсетуде. Заманауи технологиялардың көмегімен қарапайым түкіруден бастап заңсыз қоқыс тастауға дейін анықталып жатыр.

Ақтөбеде 20 жастағы жігіттің көпқабатты үйдің баспалдақ алаңына түкіргені бейнекамераға түсіп қалған. Қоғамдық орынды ластағаны үшін оған айыппұл салынды.

Павлодарда камера көшеде темекі қалдығын тастаған ер адамды тіркеді. Осыған ұқсас тағы бір жағдайда екі тұрғын қоқыс салатын жәшіктің жақын жерде тұрғанына қарамастан, темекі қалдығын жолға лақтырған. Олар ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2025 жылдың басынан бастап осы бағытта 54 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

2023 жылдың қорытындысына сәйкес республика бойынша 1,3 миллион камера жұмыс істеген болса, оның 275 мыңы полицияның жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдеріне қосылған болатын.

Ал 2024 жылдың қорытындысына сәйкес олардың саны 1,5 миллионға жетіп, оның 340 мыңы полиция органдарына шығарылды. Камералар құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, дәлелдер жинауға, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" акциясы аясында және қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмысын жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді