Туысының атына 11 микрокредит рәсімдеген күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында жергілікті тұрғын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болды.

Полицияға жүгінген әйелдің айтуынша, оның жиені өз атына рұқсатсыз 629 мың теңге көлемінде 11 микрокредит рәсімдеген.

Зардап шегушінің сөзінше, 2025 жылдың 6 наурызында ол жиенінен ЭЦҚ алу процесіне көмектесуін сұраған. Жас жігіт ноутбук арқылы белгілі бір сайтқа кіріп, фото және бейне тексеруден өтуді сұраған.

Кейін ЭЦҚ сәтті жасалғанын хабарлаған. Алайда, 8-26 наурыз аралығында әйелге белгісіз қаржы ұйымдарынан күмәнді хабарламалар келе бастаған.

Алаяқтықтан қауіптеніп, ол ешқандай әрекет жасамаған. Тек 27 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінгенде, оның атына 11 микрокредит ресімделгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мамандар азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:

Егер күмәнді әрекеттер байқасаңыз, дереу құзырлы органдарға хабарласыңыз!

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды