"Қарулы жиһадты" насихаттап, әскер жасақтаған қазақстандық 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Шымкентте танымал мессенджерді пайдаланып, лаңкестікті насихаттап, адамдарды өз қатарына тарту үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық прокуратура 2025 жылдың 9 сәуірінде хабарлады:

2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында "С" есімді азамат "WhatsApp" мессенджері арқылы танысы "Т" есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын және "қарулы жиһад" идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт – насихат жасаған.

Сот үкімімен "С" есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт – насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған."Шымкент қаласының прокуратурасы

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды