Солтүстік Қазақстанда бір адам пойыз астына түсіп, мерт болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінде адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news ақпараты бойынша, бір адам пойыз астына түсіп мерт болған. Мұндай қайғылы оқиға өткен жылдың бірінші тоқсанында да болған екен.

Оқыс оқиғаның негізгі себептері – жеке қауіпсіздік ережелерін бұзу, белгіленбеген жерлерде жолдарды кесіп өту, жаяу жүргіншілер өткелдері мен көпірлерді елемеу, сондай-ақ пойыздардың қозғалыс аймағында құлаққаппен немесе мас күйінде болу.

2025 жылдың үш айында Челябі, Қорған, Орынбор және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоса алғанда, бүкіл Оңтүстік Орал магистралінде жылжымалы құрамның соғылуынан және электр тогының соғуынан 8 адам қаза тапты. 2024 жылдың осы кезеңінде 7 адам жарақат алып, оның 4-уі қайтыс болған болатын.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Оңтүстік Орал магистралінің теміржолшылары жаяу жүргіншілер көпірлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ескерту плакаттарын орнатады және жарық бағаналарын жаңартады.

Бұған дейін елімізде пойыз билеттерін сату ережелері өзгергендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр