Тараздық әскерге шақырылушы әскери комиссариатқа бармаудың ерекше әдісін ойлап тапты

Фото: Министерство обороны РК
Әскерге бармаймын деп басын жара жаздады. Тараздық жігітті әскерге алып кетуге келген офицерлер күтпеген жағдайға тап болды. Желіде тараған бейнеге сүйенсек, әскерге шақырылушы қарсылық көрсетіп, өз басын аяусыз соққылаған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

KTK телеарнасының жазуынша, бұл жағдай Тараз маңындағы ауылда болған. Өз басын соққылаған жігітке өтіп бара жатқан әйелдер араша түскен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ашуға булаққан жігіт алғашқыда пышақ шығарып, әскерилерді қорқытуға тырысқан. Амалы таусылған ол, өз басын он шақты рет көлікке ұрған. Отан алдындағы борышын өтегісі келмеген азамат енді қылмыстық жауапқа тартылмақ.

"Әскерге шақыру маусымында жас жігіттер түрлі қулыққа барып әскерге бармаудың амалын жасайлы. Көбіне олар тұрақты жерін ауыстырып әскерге алушы компанияның өкілдерінен қашып жүреді. Бұл жігіт өз денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, қылмыс жасады деуге болады. Ол енді жауапқа тартылады". Дина Мухаринова, ҚР ҚК ОӨӘҚ Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі

Бұған дейін Атырауды үш күннен бері қою түтін басқандығын жаздық.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды