1,5 келі шаш: Алматылық хирургтар 14 жасар қызды аман алып қалды

Фото: akorda.kz
Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМККО) хирургтары күрделі ота жасап, 14 жастағы қыз баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқастың іш қуысында дамыған іріңді-қабыну үдерісі жедел жәрдеммен жеткізілген соң анықталды. Жағдайының нашарлауына сирек кездесетін патология, яғни алып трихобезоар себеп болған.

"Жеткіншек орталыққа ішінің қатты ауруы, кебу, әлсіздік және айқын интоксикация белгілерімен түскен. Ауру белгілері бірнеше күн бұрын басталғанымен, дер кезінде дәрігерге жүгінбеген. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, шұғыл тексеру барысында іш қуысында бос сұйықтық, перитонит пен ішкі ағзаның тесілу белгілері анықталды. Науқас шұғыл түрде отаға дайындалды",- деп мәлімдеді ведомство.

Ота алдымен диагностикалық лапароскопия, кейін ашық лапаротомия арқылы бөгде затты алып тастау сияқты екі кезеңде жүргізілді.

Ота бригадасы құрамында: ассистент – дәрігер-резидент Әлеумет Алмат Мұратжанович, анестезиолог – Бидайбай Таңжарық Мұратұлы, оталық медбике – Нурметова Михрибан Мамутхановна болды. Алып тасталған трихобезоардың салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.

Бүгінде науқас толық оңалып, үйіне шығарылды. Қыздың жағдайы тұрақты, ол әрі қарай психологиялық бақылауда болады.

Дәрігерлер ата-аналарды балалардың тамақтану тәртібі мен психоэмоционалдық күйіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Мұндай жағдайдың алдын алудың басты жолы – уақытында маманға жүгіну.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты