Алматының тау бөктерінде салынған таунхаус сүріліп жатыр

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда сот шешімі бойынша Оспанов көшесі, 89/91 мекенжайдағы нысан сүрілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі (жеке тұлға) тиісті құжатсыз нысанды салуға, тіпті еш рұқсатсыз нысанның тірек қабырғасын тұрғызған.

"Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс аясында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Берілген нұсқамалар орындалмағандықтан басқарма нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді.2024 жылы 12 сәуірде Медеу аудандық соты талап арызды қанағаттандырды", делінген хабарламада.

2024 жылы 1 шілдеде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріліп жатыр.

Бұған дейін Алматының Алатау ауданында кезекті заңсыз дүңгіршектер сүрілгенін жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды