Атырау-Индер тасжолында екі көлік соқтығысып, сегіз адам ауруханаға жеткізілді

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 10:43 Фото: Zakon.kz
Атырау – Индер тасжолында болған ірі жол апатынан сегіз адам зардап шекті. Түнгі оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, екі жеңіл көлік түн ортасында қатты соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 18 қарашада сағат 01:20 шамасында болған. Жолда Nissan Teana және Kia маркалы көліктер соқтығысқан.

"Апат салдарынан Nissan Teana көлігінің бес жолаушысы, сондай-ақ Kia көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", – деп хабарлады ведомство Zakon.kz редакциясына.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның батысында Toyota Sienna және Niva көліктері қатысқан өліммен аяқталған жол апаты болған. Соқтығыс салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: