Павлодар облысының тасжолында болған жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2024 11:44 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде "Қалқаман-Керней" жол бағытымен келе жатқан TOYOTA ALPHARD жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып, CHERY TIGGO 2PRO көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Көліктер айып тұрағына қойылды.

Полиция жол апаты бойынша тексеріс ашты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: