Қазақстандық азамат туристік агенттіктен 600 000 ақшасын қалай толық қайтарып алды

Фото: pixabay
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Zakon.kz сайтына қазақстандықтың өзі пайдаланбаған туристік қызметі үшін 600 000 теңге қайтарылғаны туралы қызықты жағдайды айтып берді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылы Ақтөбе қаласының тұрғыны ата-анасына сыйлық ретінде тур агенттіктен 600 000 теңгеге туристік сертификат сатып алған. Алайда анасының денсаулығына байланысты сапарға шығу мүмкін болмаған.

Тұтынушының айтуынша, турфирма арқылы ешқандай тур, ұшақ билеті немесе қонақүй броньдалмаған, яғни туристік қызмет нақты көрсетілмеген. Соған қарамастан, агенттік өкілдері қаражатты қайтарудан бас тартқан. Тек кейін тұтынушыға төлеген соманың 10%-ын ұстап, қалғанын ғана қайтаруға дайын екендігін хабарлаған.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабына сәйкес, сатушы тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.

Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын келесі талаптар жатады:

Осылайша, сыйлық сертификаты – туристік қызмет үшін төленген алдын ала төлем болып табылады. Егер келісімшарт тоқтатылып, қызмет көрсетілмеген болса, сатушының сертификат үшін төленген ақшаны ұстауға құқығы жоқ. Мұндай әрекет негізсіз байыту болып саналады.

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, тұтынушыға құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, наразылық парағын жазуға көмек көрсетілді.

Нәтижесінде тұтынушыға 600 000 теңге қаражаты толық көлемде қайтарылды.

Егер тауарды немесе қызметті еркін таңдау құқығы бұзылса, тұтынушы Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 25, 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26 телефондары бойынша жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, тұтынушы өтінішін онлайн режимде Е-өтініш, @kzpp_bot телеграм-бот немесе e-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жібере алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты