Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.
"Түркістан облысының әкімі атынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Аймақтық қызметтер барлық қажетті қолдауды көрсетеді", – деп жазыоған Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратта,
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Сонымен қатар ведомствода ақпарат оқиға барысына сәйкес жаңартылып отыратыны атап өтілді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр трагедияға дереу реакция білдірді. Мемлекет басшысы үкімет пен облыс әкіміне қаза тапқандардың жақын туыстарына барлық қажетті көмекті көрсету және орын алған оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізуді тапсырды.