Астанада полицейлер заңсыз цех пен белгісіз сападағы етті анықтады

Фото: Zakon.kz
"Мал ұрысы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 3 күнде елордада 4 заңсыз цех пен 6 тоннадан астам белгісіз сападағы ет анықталды.

Елорда полициясы "Мал ұрысы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Іс-шараның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ астаналықтарды сапасыз ет өнімдерінің айналымынан қорғау. Іс-шара аясында ветеринариялық инспекциямен бірлесіп, ет өнімдерін өткізетін ішкі сауда нысандарының құжаттарының заңдылығы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Қалалық базарлар мен ресми жұмыс істейтін ет өңдеу цехтары да қамтылды. Іс-шара барысында тиісті санитарлық жағдайы жоқ 4 жасырын цех анықталды.

Белгісіз сападағы өнімдер тәркіленіп, аталған деректер бойынша тексеріс жүріп жатыр. ЖПІШ өткізу кезеңінде жалпы 6 тоннадан астам белгісіз сападағы ет анықталып, тәркіленді. Жиналған материалдар ветеринариялық инспекцияға жолданды.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу мен сәйкестендіру жұмыстарына назар аударуда. Трассалар мен стационарлық бекеттерде ірі қара мен ет өнімдерін тасымалдаған 200-ден астам автокөлік тексерілді.

Сонымен қатар полиция ауыл шаруашылығы жануарлары ұсталып отырған жеке секторға аула-ауланы аралап, қажетті құжаттар мен ветеринариялық анықтамалардың болуын тексерді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін