Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 26 қазанында азамат айыпталушы Қонаев–Бақанас автожолының 26-шақырымында орналасқан шаруа қожалығы аумағында спирттік ішімдік ішіп, шамамен 22:00-де Іле өзенінің жағасына барып, сол жерде балық аулап отырған үш азаматты көріп, олардың бағытына мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. Нәтижесінде жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.
"Ұсынылған материалдардың жиынтығы негізінде сот айыпталушының әрекеттерін екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу ретінде саралауға жеткілікті дәлелдер бар деген қорытындыға келді",- делінген ақпаратта.
Бұл ретте, сот қылмысты алкогольдік масаң күйде жасауын жауаптылықты ауырлататын жағдай деп таныды.
Осылайша, айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде, орта қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтуімен жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, сот сотталушыдан сот сараптамаларын жүргізуге байланысты іс жүргізу шығындарын өндіріп алуды ұйғарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.