Теміртауда полицейлер есірткі дүкенінің жарнамасын таратушыны қолға түсірді

Фото: pexels
Қарағанды облысында өтіп жатқан "Құқықтық тәртіп әліппесі" акциясы аясында полиция қызметкерлері, депутаттар, қоғам белсенділері, студенттер және прокуратура өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізіп, есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті.

Осы бағыттағы "Цифрлық сату" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Теміртау қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ер адам есірткі сататын интернет-дүкенге бағыттайтын QR-код жапсырылған парақшаларды қала көшелеріне жабыстырып жатқан жерінде құрықталды.

Қылмыстық іске айғақ ретінде түрлі сауда орындарына орнатылған бейнебақылау камераларының жазбалары тіркелді.

Онда күдіктінің жарнамалық парақшаларды жапсырып жүрген сәттері анық көрініс тапқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін