Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін

Сурет: unsplash
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысында төбелескен шенеунікті жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2025 жылғы 5 желтоқсанда агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі мынандай шешім қабылдады:

"Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Түркістан облысы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы С. Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босату түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды". Әдеп жөніндегі кеңес

Шенді тарапынан қоғамға жат мінез-құлық танытуы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауы жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзуды айқындайтыны нақтыланады.

Бұған дейін Алматыда оқушының өз-өзіне қол жұмсауы тергеліп жатқаны, бұған қатысты әлеуметтік желіде буллинг туралы хабар тарағаны хабарланған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды