Қарағанды облысында әкесінің пәтерінде қарасора өсірген тұрғын анықталды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында полицейлер 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен заңсыз ұйымдастырылған қарасора өсіру орнын әшкереледі.

Тінту барысында үй жағдайында арнайы жабдықтармен өсірілген қарасора бұталары табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған өсімдіктер пәтер иесінің 33 жастағы ұлына тиесілі.

Оның айтуынша, ол күз мезгілінде қарасора тұқымдарын әкеліп, әкесінің пәтерінде шағын жылыжай ұйымдастырған.

Тәртіп сақшылары қарасора өсірілген құмыраларды, өсімдіктерге қажетті микроклиматты қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қағазға оралған кептірілген өсімдіктерді заттай дәлел ретінде тәркіледі.

Зейнеткердің ұлы тұқымдардың өзіне тиесілі екенін растады. Оның мәлімдеуінше, қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсірген. Сондай-ақ күдікті есірткі заттарын біршама уақыт бойы тұтынып жүргенін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну фактісін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, заң аясында тиісті шешім қабылданады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін