Интернеттегі жарнамаға сенген екі тұрғын 10 млн теңгеден айырылды

Фото: pexels
Павлодар облысында екі әпке-сіңлі алаяқтардың құрбаны болып, 10 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полицияның мәліметінше, алаяқтық схемалар жыл өткен сайын күрделеніп, барған сайын сенімді көріне түсуде. Павлодар тұрғындары алаяқтардың негізгі тәсілдерінің көбінен хабардар болғанымен, олардың айласына түсіп қалатындар әлі де кездеседі.


"Интернеттен зейнеткерлерге дивиденд төлеу туралы жарнаманы көріп қалдым. Ол мені қызықтырған соң, толық ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өттім. Сол күні маған өзін инвестициялық компанияның менеджері ретінде таныстырған бейтаныс ер адам хабарласты. Ол дивиденд рәсімдеуге көмектесетінін айтты. Қуанып, табысымды арттыруды әпкеме де ұсындым. Кейін оның нақты нұсқауларын орындап, әпкем екеуміз айтылған банк шоттарына шамамен 10 миллион теңге аудардық", – деп мәлімдеді Екібастұз қаласының тұрғыны.

Уәде етілген дивидендтерді ала алмаған әйелдер полицияға жүгінді. Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарды интернетте аса сақ болуға шақырады: күмәнді хаттар мен сілтемелерді ашпауға, жеке деректерді сенімсіз ресурстарда қалдырмауға, антивирустық бағдарламаларды тұрақты түрде жаңартып отыруға, аккаунттарға кіру үшін күрделі әрі сенімді құпиясөздер қолдануға, сондай-ақ онлайн қаржылық операциялар кезінде, әсіресе төлем карталарын пайдалану барысында, мұқият болуға кеңес береді.

Бұған дейін Алматы полициясы жалған электронды түбіртектерді пайдалану арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан