Маңғыстауда апатқа ұшыраған жолаушы толы автобус: зардап шеккендердің жағдайы туралы не белгілі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыр жол апатына байланысты Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің жанынан шұғыл жедел штаб құрылды. Жергілікті орталық аудандық ауруханада зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" порталының мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханада 16 адам емделуде. Оның ішінде 13-і травматология бөлімінде, үш пациент жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Ауданға санитарлық көлікпен дәрігерлерге көмек көрсету үшін жоғары санатты білікті бейінді мамандар тобы жіберілгені нақтыланады.

"Зардап шеккендерді емдеудің одан арғы тактикасын анықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының мамандарымен телемедициналық консультация өткізілді", делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, Бейнеу көпсалалы аудандық ауруханасының дәрігерлері оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап қажетті медициналық көмек көрсетіп, тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Бұған дейін Маңғыстауда 50 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Кейінірек полиция апаттың нақты көлемін атады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды