Петропавлда жоғалып кеткен егде жастағы әйел емхана жанынан үсіген күйінде табылды

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәліметтер бойынша, Петропавлда денесі табылған 75 жастағы зейнеткер әйел үсіп қалған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткердің денесі ертеңінде таңертең емдеу мекемесінің жанынан табылды, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Алдын ала болжам бойынша марқұм далада үсіп қалған.

"Енді оның анық-қанығын тергеушілер анықтайды", делінген телеарна ақпаратында.

Өңірде қатты аяздың күшіне мінгеніне - осымен үшінші тәулік.

"Әйелдің денесін екінші күні таңертең емхана маңынан учаскелік полицей тауып алды. Ол бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Алайда қатты үсіп қалғандықтан әйел адам тіршілік белгілерін байқатпаған. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін әйел адамды аман алып қалу ықтималдылығы күшін жойды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сонымен қатар оқиғаның барлық жай-жапсары анықталу үстінде. Әзірге, марқұмның көзі тірісінде ара-тұра ұмытшақтық дерті болғаны белгілі". Нұрсұлтан Елеусізов, қалалық ПБ №2 бөлімі бастығының орынбасары

Бұған дейін төрт адамның өмірін жалмаған Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған автобустағылардың жағдайы қандай екені хабарланған. Қазіргі уақытта 16 адам ауруханада жатыр. Оның ішінде 13-і травматология бөлімінде, үш пациент жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі