"Сканерлемеңіз!": Алматы полициясы тұрғындарға ескерту жасады
Фото: Zakon.kz
Алматыда аялдамаға есірткі сататын интернет-дүкенге бағыттайтын QR-коды бар жапсырмалар жабыстырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ұсталған әйелден есірткі дүкенін жарнамалайтын 116 жапсырма, ұнтақ тәрізді зат салынған екі орама және ұялы телефон табылып, тәркіленді. Ал QR-коды бар тағы төрт жапсырманы ол аялдамаға жабыстырып үлгерген.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полиция азаматтарды күдікті QR-кодтарды сканерлемеуге және осындай жапсырмалар туралы хабарлауға шақырады", – деп мәлімдеді Полиция департаменті 2026 жылғы 16 қазанда.
Бұған дейін Астанада Таиландтан есірткі салынған екі чемоданмен оралған қыз 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript