Павлодарда мас күйде қылмыс жасаған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Фото: polisia.kz
Павлодар қаласының тұрғыны сот үкімімен төрт жылға бас бостандығынан айырылып, маскүнемдіктен мәжбүрлі ем қабылдауға жіберілді.

Өткен жылдың сәуір айында мен көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде болған қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергедім.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Тергеу барысында сол күні әке мен бала арасында тұрмыстық негізде жанжал шыққаны, екеуінің де алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Жанжал барысында ұлы ас үй пышағын алып, әкесінің іш тұсына бір рет соққы жасаған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісі Рустам Садыков.

Тергеу барысында жанжалдың себебі мас күйдегі ұлдың пәтерден кетпек болғаны, алайда әкесінің оған кедергі келтіруі болғаны анықталды.

Ауызша жанжал кейіннен физикалық қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнын қарау нәтижесінде әкесіне өміріне қауіпті, іш қуысына өткен пішақ жарақат салынғаны анықталып, ол мамандар тарапынан ауыр дене жарақаты ретінде сараланды.

Оқиға орнынан барлық заттай дәлелдемелер алынды. Куәгерлердің айтуынша, ұлдарының бірі алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынып, кейін ата-анасына жанжал шығарып жүрген. Тергеу барысында күдіктінің әрекеті ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша сараланды. Объективті тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс бес тәулік ішінде аяқталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Сондай-ақ сараптама нәтижесінде айыпталушының алкогольді қолдану салдарынан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға шалдыққаны анықталды, – деп атап өтті Рустам Садыков.

Сот соққының қасақана және едәуір күшпен жасалғанын, қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, жеке тұлғаның теріс мінездемесін, сондай-ақ алкогольдік мас күйін ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сараптамалар себеп-салдарлық байланысты растады. Қылмыстық істің барлық материалдарын зерделей келе, сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 4 жыл бас бостандығынан айыру және жазасын өтеу орны бойынша алкоголизмнен мәжбүрлі ем тағайындау жөнінде үкім шығарды.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж