Алматы қаласының орталығында мейрамхананың жазғы террасасы сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының орталығында сот шешімімен мейрамхананың жазғы террасасы сүрілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 ақпанда, Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Қажымұқан көшесі, 37 мекенжайында рұқсат құжаттарынсыз салынған нысан анықталған болатын. Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеру барысында белгілі болды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сот қарауына жолданды. Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылы 12 тамызда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз жазғы алаңды бұзу туралы талап-арызды толық қанағаттандырды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды бұзу жұмыстары меншік иесі тарапынан жүзеге асырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады