3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Шымкентте интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арна жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтарды қазақстандық SIM-карталармен қамтамасыз етіп келген арнаның жолын кесті.

Жүргізілген мұқият талдау және жедел іс-шаралар нәтижесінде алаяқтарды қазақстандық байланыс операторларының абоненттік нөмірлерімен қамтамасыз еткен тұлғалар анықталды.

Бұл нөмірлер азаматтарға, оның ішінде шетелде жасалатын алаяқтық қоңырауларға пайдаланылған. Бірінші SIM-карталарды жаппай тіркеп, үшінші тұлғаларға WhatsApp мессенджеріндегі растау кодтарын беріп отырған ер адам ұсталды.

Осылайша алаяқтар қазақстандық нөмірлерге тіркелген аккаунттарды өз бақылауына алып, қылмыстық схемаларда қолданған. Жедел іс-шаралар барысында киберполиция қызметкерлері екінші қатысушыны анықтады.

Ол –телефондарға арналған аксессуарлар дүкенінің сатушысы. Клиенттердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына қосымша абоненттік нөмірлер рәсімдеп, өткізіп отырған. Аталған арна арқылы 3 мыңнан астам абоненттік нөмір пайдалануға қосылып, интернет-алаяқтық әрекеттерде қолданылғаны белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция ескертеді: мұндай заңсыз схемаларға қатысу, жәбірленушілермен тікелей байланыс болмаса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мессенджерлердегі растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіздер және үшінші тұлғаларға өз атыңызға SIM-карта рәсімдеуге келіспеңіздер – бұл қылмыстық схема болуы мүмкін.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін