Түркістан облысында көкпардың арты төбелеске ұласқан

Фото: pexels
Түркістан облысында өткен көкпардың соңы төбелеске ұласты. Салдарынан 20 жастағы бозбала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ адам жігітті жабылып ұрып, ес-түссіз жатқанына қарамастан басынан тепкілеген. Almaty.tv дерегіне сүйенсек, дәрігерлер науқастың өмірі үшін бір апта бойы күресіп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Ал баласынан айырылып қала жаздаған ата-ана кінәлілердің қатаң жазалануын талап етеді. Құқық қорғау органдары аталған жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталған. Оларға қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

"Қазіргі уақытта барлық мәнжайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда. Туыстарының айтқан уәжі зерттеліп, тексерілетін болады. Қазіргі таңда жәбірленуші медициналық мекемеде емделуде. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев.

Бұған дейін баласын жылу батареясына байлап, соққыға жыққан әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп танылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін